426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты

  • 258
  • UPD: 13:30, 22.07.2020
Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Варзилов мәлімдеді. Қазір шаһардағы жұқпалы аурулар ауруханасы маңында бұрынғыдай қарбалас жоқ. Жедел жәрдем көлігінің сәт сайын келіп жатқаны байқалмайды. Жергілікті дәрігерлер штаттық режимде жұмыс істеп, ауруханаға түскен кез келген пациентке сапалы медициналық көмек көрсетеді. Науқастарға станционарға келіп түскен уақыттан бастап толық емдеу шаралары жолға қойылған. Қаланың бас дәрігерінің айтуынша, шаһардағы дәрі-дәрмек мәселесі де шешілген. Шымкентке дәрі тасымалдаушы ірі 10 компания қажетті препараттарды жеткізеді. Бірнеше айға жететін қор жиналған. Сонымен қатар СOVID-19 бірыңғай ақпараттық порталы жұмыс істеп тұр. Ғаламтор ақылы веб-порталдан қанша бос орын бар екенін білуге болады. Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға қандай да бір ауру симптомдары білінсе, өздігінен ем қолданбай, әуелі дәрігерден онлайн кеңес алу керектігін ескертеді.

Темірхан Варзилов, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:

- Қалада жағдай тұрақты деп айта аламын. Ешқандай науқасты ауруханаға қабылдамау жайы орын алған жоқ. Жансақтау бөлімдерінде төсек-орын жеткілікті. Тәулік бойы әр аурухана мен емханаға, провизорлық орталықтарға мониторинг жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы