420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында тәулігіне кемінде 50-ден астам адам коронавирус жұқтырады

  • 215
  • UPD: 21:51, 27.07.2020

Даңғазаға үйір жұрт Қостанай да аз емес. Коттеджерде мерекелік басқосу өткізіп, үйінде беташар ұйымдастырғандар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы өңірде демалыс күндері тіркелетін заң бұзушылықтар төрт жарым есе артқан.

Облыста өткен демалыс күндері санитарлық режимді сақтамаған 35 нысан тіркелді. Рейдке шыққан мониторингтік топпен оларға 1,5 млн теңге айыппұл салынды. Заң бұзушылықтардың дені дүкендерде, тамақтану орындарында анықталған.

Дана Тұрсынбаева, тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД бөлім басшысы:

– Кейбір дүкен сатушыларында маска, қолғап болмаған. Кіреберісте залалсыздандыру құтылары орнатылмаған. Кафелер тағамдарды жеткізу бойынша қызмет көрсетпей, клиенттер дайын асты өздері келіп алып отырған.

Полицейлер де дабыл қағып отыр. Олардың мәліметінше, соңғы үш аптадағы демалыс күндері 800-ден астам заң бұзушылық тіркелді. Бұл әдеттегі көрсеткіштен 4,5 есе көп. Әсіресе жасырынып, салтанатты шараларды өткізу тыйылар емес.

Кенже Қонысбай, ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

– 25 шілде күні Дулатов көшесіндегі жалдамалы коттедждердің бірінде азаматтар үйлену тойын жасаған. Той иесі мен коттедж иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 425 бабының 1 бөлігі бойынша материал жиналды. 26 шілдеде мониторингтік топ Амангелді ауылында туыстарын және көршілерін шақырумен беташар рәсімін өткізу фактісін анықтады.

Осындай карантиндік ережелерді бұзудың салдарынан эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатын күні алыс. Аймақта тәулігіне кемінде 50-ден астам адам коронавирус жұқтырады. Дегенмен қауіпті дерттен жазылып шыққандар да  артып келеді. Солардың бірі – Ләззат Құсайынова. Ол 8 шілдеде Қостанай қалалық ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Алғашында алты күн бойы жан сақтау бөлімінде жатты. Қазір жағдайы тұрақталып, сауығып келеді.

Ләззат Құсайынова, қалалық ауруханасының емделушісі:

– Күн сайын мені емдеген дәрігерлер науқастардың халін сұрап, жағдайына қарай ем жазып беріп отырды. Рухани көмек берді. Бұл ауырып жатқан үшін өте маңызды дүние. Дәрігерлер әр науқастың өмірі үшін күресті.

Қалалық ауруханадағы емделушілердің айтуынша, негізінен жасы 65-тен асқан кісілер дерттен көз жұмады екен. Менсұлу Мұстафина емдеу мекемесінде екі апта бойы жатты. Осы кезеңде өзі жатқан бөлімде бес адам қайтыс болған екен.

Менсұлу Мұстафина, қалалық ауруханасының емделушісі:

– Қызымның арқасында тірі қалдым десе болады. Ол өкпені желдедетін құрылғыны Челябіден сатып әкелді. Аппарат көмегімен 30 науқас кезекпен тыныс алды. Мені құрылғыға қосқанда көрші палатада ауыр халды ер адам жатқан. Аппарат дереу түрде соған қосылды. Бірақ келесі күні ол көз жұмды.

Бүгінгі күні өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2354 науқасқа жетті. 1200 адам жазылып шыққан.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы