423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мамандар: Жануарларға қатыгездік танытқандар қылмысқа бес есе жиі барады

  • 297
  • UPD: 21:32, 29.07.2020
Мамандар: Жануарларға қатыгездік танытқандар қылмысқа бес есе жиі барады

Жануарларға қатыгездік танытқан адамдар қылмысқа бес есе жиі барады.

Мұны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары айтып отыр, хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанда бұл азғындарды жазалау шаралары тым жұмсақ. Содан болар иелері ит-мысықтарын қорексіз қалдырып, ветеринардың көмегіне жүгіне бермейді. Пайда табу үшін иттер арасында жекпе-жек ұйымдастыратындар да аз емес. Осыған байланысты жауапты ведомство арнайы заң қабылдауды жөн көрді. Бұл құжат 4 тамызда Парламент қабырғасында талқыланады. Заң жобасында жануарларға жауапкершілікпен қарау, цирк пен хайуанаттар бағында жасалатын қатыгез әрекеттер үшін жазалау секілді біраз мәселе қамтылған. Министрлік қоғам тарапынан ұсыныс-тілектер қабылдауға дайын.

Хабар 24 телеарнасы