421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киілген маска мен қолғапты қоқысқа қалай тастауды білу маңызды

  • 266
  • UPD: 13:28, 30.07.2020

Аурудың алдын алу үшін  алдымен тазалық қажет. Ол қолды жиі жуып бетперде, қолғап киіп жүру ғана емес, сол бетіңізге қолыңызға киген заттарды қайда, қалай тастау керектігін де білу. Мамандар сөзіне құлақ түрсек, қолданылған медициналық заттардан да вирус тараудың қаупі басым екен.

Елімізде ковид жұқтырушылардың саны азаймай тұр. Өйткені көп адамдарда әлі де бейқамдық басым. Қазіргідей қауіп қара бұлты төнген сәтте жан-жағымызға сақтықпен қараған жөн. Тазалық пен ұқыптылықты қаперден шығармуға тиіспіз. Мысалы, тағып жүрген бетпердесі мен қолындағы  қолғабын  қоқысқа қалай тастау керектігін әлі де білмейтіндер бар.

БЛИЦ:

- Мусорға тастаймыз. Қағазға ораймызда мынаның ішіне тастаймыз.   

- Қайда тастағанда үйде қалдырамын мусорға. Кәдімгі қоқыс жәшігіне тастаймыз.

- Мен арнайы қоқыс жәшігіне тастаймын. Бірақ ештеңкеге орамаймын.

Қолданылған масканы үйдегі қоқыс жәшікке. Әйтпесе даладағы қоқыс салғыштарға.

Қолданылған медициналық заттарды жәй ғана қоқыс жәшігіне тастай салу дұрыс емес дейді мамандар. Өйткені бетпердеде қалған вирустар ауаға қайта тарауы мүмкін. Сондықтан бетперде болсын, қолғап болсын немесе түшкірген кезде пайдаланған майлықтарды целлофанға салып, ауызын байлап, содан кейін ғана тастау керек екен.

Қымбат Қоныс, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:

- Яғни қарапайым халықтың пайдаланып жүрген бетперделері қаіпсіз болып саналады №А класына жатады. Сол себепті оларды қоқысқа тастауға болады. Ал стационардағы аурулар болса оларды міндетті түрде арнайы сол медициналық мекемеде зарасыздандырып, ары қарай мамндандырылыған мекемемен келісіп, ары қарай алып кетеді.

Мамандар сөзінен түсінгеніміз, қазіргі жағдайға немқұрайлы қарауға болмайды. Өйткені өзіңе ғана емес, өзгеге де зияның тиуі мүмкін. Сондықтан түйсікпен түсініп, таза жүруге тырысайық!

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы