420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысының диқандары жерді тыңайтудың жаңа жүйесін енгізіп жатыр

  • 174
  • UPD: 16:20, 31.07.2020

Бұл – фермерлерді дәстүрлі жер жырту жұмыстарынан құтқаруға және ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа технология.

Шаруашылықтағы тың әдіс Қазығұрт өңірінде сәтімен жүзеге асырылып келеді, хабарлайды «Хабар 24».

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданы ауыл шарушылығының орталығы саналады. Жергілікті жер емген диқандар мұнда астық өнімдерін көптеп егеді. Биыл шаруалар 44 мың гектар алқапқа егіс еккен. Қазір өңірде жиын-терім науқаны қызған. Қамбаға қазірдің өзінде 50 мың тоннадан астам өнім жиналыпты. «Әлі де осыншама өнім жоспарда», - дейді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер.

Нұрбай Қалдыкөзов, Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Өткен жылы астықтан гектарына 24,5 центнерден алып, жоғары өнімге қол жеткізіп, «Алтын күз» іс-шарасында ауданымыз озат астық өндіруші аудан болып жеңімпаз атанған еді. Өнімділіктің жоғары болуына бірден-бір себепші – өзіміздің аудандағы тұқым шаруашылықтарының жұмыстары жақсы жолға қойылған.

Бидай мен арпаны өсіру үшін өңір диқандары жүздеген мың гектар алқаптарды жыртады. Себебі, ғалымдардың зерттеуінде жер жырту топырақтың эрозияға алып келетіндігін және оны қажетті қасиеттерден айыратындығын дәлелдеген. Ол үшін шаруалар егінге қажыр-қайратымен қатар уақытын біраз қаржысын жұмсайды. Соңғы кездері олар жерді тыңайтудың жаңа бір әдіс тәсілдерін ойлап тауыпты.

Бегалы Әшір, кәсіпкер:

- Тікелей себу технологиясы бірнеше ресурсты үнемдейді. Бірінші жағынан уақыт үнемделеді. Жерді жыртуға, өңдеуге техника күші үнемделіп, жылдам жұмыс жүргізуге қолайлық туғызады. Есептеп айтқанда, әр гектарына 22 мың теңгеден үнемдеп отырмыз.

Биылдан бастап қазығұрттық шаруалар бидайдың жаңа тұқымын жерсіндіріпті. Ол ауа райының суығына да төзімді. Ал ұны нан жабуға жарамсыз. Бұл бидайдың жаңа сұрпын диқандар «мал бордақылауға таптырмайды», дейді.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Рауль Ғабитов, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы