428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО полицейлері үш күнде 22 қылмыстың бетін ашты

  • 223
  • UPD: 16:11, 31.07.2020
СҚО полицейлері үш күнде 22 қылмыстың бетін ашты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері үш күнде 22 пәтер ұрлығының бетін ашты, хабарлайды «Хабар 24».

Олардың тоғызы бұрын істі болған. Осы жылдың 20 шілдесінде іздеу жарияланған 28 жастағы Бескөл ауылының тұрғыны Петропавлдан табылды. Ол ақпан айында тұрғын үйден тоңазытқыш, теледидар сияқты тұрмыстық техниканы алып кеткен. Әккі ұрыға 3,5 жылға бас бостандығына шектеу қойылған. Бірақ сотталушы шектеу шараларын бұзып, әкімшілік құқық бұзушылықтарға барған. Енді қалған мерзімін түзету мекемесінде өтейді. Тәртіп сақшылары үш күнде ломбард және базар сияқты 200-ден астам орынды тексеріп, 12 қылмысты анықтады.

Хабар 24 телеарнасы