428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда кәсіпкерлер емдеу мекемелеріне он жаңа көлікті тарту етті

  • 198
  • UPD: 22:19, 03.08.2020
Қарағандыда кәсіпкерлер емдеу мекемелеріне он жаңа көлікті тарту етті

Қарағанды облысының кәсіпкерлері аймақтың емханаларына 10 жаңа көлікті сыйға тартты. Бұл автомобильдер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті құралдармен толық жабдықталған.

Көлікте науқастарды емдеуге, тасымалдауға және ауруханаға дейінгі кезеңде пациенттердің жағдайын бақылауға арналған аппараттар орнатылған. Бұдан бөлек заманауи жедел жәрдем көлігінің әрбір жиынтығы - оттегі баллоны, ауа өткізгіштер, интубациялық түтіктер секілді науқасқа алғашқы шұғыл көмек көрсетуге арналған құралдармен қамтылған. Бұдан бөлек өңірдің қалталы азаматтары арнайы құрылған облыстық қорға 100 миллион теңге бөлді. Оның алдында облыс ауруханаларына 100 оттегі концентраторын, пульсоксиметрлер мен қажетті препараттар жеткізіп, гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы