428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жұмыспен қамту орталығына хабарласушылар қатары артқан

  • 237
  • UPD: 10:39, 04.08.2020

Оралда жұмыспен қамту орталығына хабарласушылар қатары артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың дені бұрын вахталық әдіспен жұмыс істегендер, дейді мамандар.

Сәбит Қажымов Атырау облысындағы шетелдік компаниялардың бірінде жұмыс істепті. Бірақ әлемді жайларған қатерлі індет салдарынан қазір жұмыссыздар санатында. Карантин басталғалы үйде отырмыз. Бірақ алда барлығы да жақсы боларына сенеміз, дейді кейіпкеріміз.    

Сәбит Қажымов,  қала тұрғыны:

– Қазір мына карантинге байланысты үйде отырмыз. Жұмысқа шақыртпай жатыр.  Мынадай жағдайда қиын. Бірақ енді үйдің тірлігімен айналысып жатырмыз, ауламызды, отбасымыздың қасында елмен біргеміз. Бәрі деп жақсы болады деп ойлаймыз. 

Ал жуырда ғана тігін цехын ашқан Салтанат Темірова да қазір жұмыссыз отырғанын айтады. Тігін цехын ашуға 2 миллион теңгесін жұмсағанымен қазір пайда тауып жатқан жоқ. Жұмыссыз қалған 3 бірдей тігінші жуырда жұмыспен қамту орталығына хабарласыпты. Енді «Еңбек» бағдарламасы арқылы екі қолға бір күрек тапқан. Бұл мақсатқа республика бюджетінен 21 миллион теңге бөлініпті. Бағдарлама аясында  жұмысшы еңбекақысының 35 проценті жабылса, қалған 65 процентін жұмыс беруші төлейді. 

Айнұр Қазмұханова, қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

– Қазіргі кезде Атыраудан, басқа қалалардан вахталық тәсілмен жұмыс жасаған азаматтар бізге көптеп келуде. Олар жұмыссыз ретінде тіркеліп жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алуға өтініштерін беруде. Бүгінде біз 1200-дей азаматқа осы төлемді алуға өтінішін қабылдап құзыретті органға жібердік. Олар 1 айдан 4-6 айға дейін осы әлеуметтік төлемақыны ала алады.

Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту орталығына 6 мыңдай адам хабарласқан. Орталық мамандары олардың жартысынан көбіне көмек бергенін айтады. 1600 тұрғын еңбекақы төленетін қоғамдық жұмыстарға тартылған. Ресми мәлімет бойынша, қала бойынша 2800 жұмыссыз тіркелген. Қазір орталық қашықтан жұмыс істеуге көшті, сондықтан арыздарды «егов порталы» арқылы жолдауға болады, дейді мамандар.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы