428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында бидайға орақ түсті

  • 188
  • UPD: 21:23, 06.08.2020

Қостанайлық диқандар егінге орақ салды. Қазірдің өзінде 30 мың гектарға тақау алқап орылған. Алтын дәннің алды қырманға құйылды.

Күздік бидайды жинап алғандар да баршылық. Жалпы биыл аптап ыстыққа қарамастан шығым жақсы. Сарыкөл ауданында диқандар әр гектардан 13 центнерден өнім жинап жатыр.

Эдуард Двуреченский жер ананы аялап, оның қыры мен сырын жетік меңгерген тәжірибелі шаруа. Биылғы дән себу жұмыстарын уақытылы бастап, уақытылы аяқтады. Өткен жаздағы қуаңшылықта басқалар сияқты шығынға батқан жоқ. Бір гектарынан 14 центнер астық жинап алды.

Эдуард Двуреченский, шаруа қожалығының басшысы:

- Биыл маусым айында үш апта бойы 38 градус ыстық болды. Одан кейін екінші толқыны басталды. Әрине шығын бар. Бірақ элита тұқымдарын себудің нәтижесінде алқаптардың басым бөлігін сақтап қалдық. Күйіп кеткені шамалы. 

Шаруа биыл 10 мыңдай гектар алқапқа дән сіңірді. Түсімі былтырғыдан кем болмайтынына сенімді. Алдағы жауапты науқанға сақадай сай.    

Эдуард Двуреченский, шаруа қожалығының басшысы:

- Қыркүйекте болатын жауын-шашын ғана кедергі келтіруі мүмкін. Былтыр күзгі жиын-терім екі айға созылып, шығынға батқан жайымыз бар. Техникамыз дайын тұр. 

Сарыкөл топырағы қашанда құнарлылығымен ерекшеленеді. Былтыр аудан үздік үштіктің қатарынан көрініп, гектарынан орташа 16 центнердей өнім жинады.            

Марат Шымырбеков, Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары: 

- Мемлекеттің көмегі есебінен жылдан-жылға беріліп жатқан субсидия бойынша өсім байқалады. Біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 1 млрд 212 млн-ға уже тапсырыс берді. Оның қазіргі уақытта 138 миллионы мынау тұқымдар бойынша. 134 миллионы минералды тыңайтқыштар бойынша. Олардың бәрі Qoldau порталы арқылы беріледі. 

Аудан күзде егілген бидайды толығымен жинап алды. Шығымдылығы жоғары болғандықтан оның үлесі тағы екі мың гектарға ұлғайтылмақ. 

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы