427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында ондаған гектар далалық алқап жанып жатыр

  • 317
  • UPD: 21:27, 07.08.2020
Ақтөбе облысында ондаған гектар далалық алқап жанып жатыр

Өрт Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылы маңынан шыққан, хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тұрғындардың, айтуынша, тілсіз жау елді мекен маңындағы қалың қамысқа найзағай түсуінен тұтанған. Салдарынан қызыл жалын төңірекке тез тарап, түтіні ауылға жеткен. Енді өртке тосқауыл қою үшін шаруа қожалықтарының техникалары жер жыртып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, тілсіз жауды сөндіру мүмкін болмай тұр. Әзірге от 50 гектарды шарпыған. Ал, қамыс өсіп тұрған жердің жалпы көлемі – 400 гектар. Сондықтан аудан орталығы мен Ақтөбеден қосымша күш тартылған. Зардап шеккендер жоқ.

Марғұлан Аманбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- Ол жерде қазір жергілікті өрт сөндіру қоғамы 23 адам, 5 техника және де 3 адам бір техника өрт сөндіру бөлімінен жұмыс істеп жатыр. Ол жерде тұрған ауылға қауіп жоқ. Қамыстың биіктігі 5-6 метр. Ол құрғап тұрған қамыс. Көршілер ауылдарға қауіп жоқ. Қазіргі кезде жергілікті полиция мен ішкі істер бөлімдерімен бірлесе жұмыс атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы