429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл елордада өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады – қала әкімі

  • 164
  • UPD: 10:31, 10.08.2020
Биыл елордада өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады – қала әкімі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бірқатар оқу орнының құрылыс барысымен танысты.

Бұл туралы әкім өзінің instagram парақшасында жазды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындары санының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға түсетін салмақ артып келеді. Білім нысандары, әсіресе, халық көп шоғырланған елді-мекендерде салынып жатыр.

Бүгін бірқатар оқу нысанының құрылыс барысымен таныстым. Қазіргі №60 мектеп-лицей аумағында (Кубрин 21/1 көшесі) тағы бір мектеп салып жатырмыз. Мектеп аумағын кеңейтеміз. Бұл мектепке артылған шамадан тыс жүктемені азайтып, жаңа оқу орындарын құруға мүмкіндік береді. Биыл осы мектепті пайдалануға береміз. Абаттандыру жұмыстарына назар аудару қажет.

Осы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп саламыз. Биыл салынатын мектеп саны – 12. Келесі жылдарға да дайындықты естен шығармадық. Ұлы Дала мен №39 көше қиылысында орналасқан білім ордасы 1200 оқушыға есептелген (екі ауысымда - 2400). 2021 жылы пайдалануға беріледі. Мектеп құрылысына жеке инвестордың қаражаты жұмсалады», - деп жазды А.Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы