424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңаөзенде деструктивті діни ағымды ұстанушы екі адам ұсталды

  • 596
  • UPD: 10:57, 10.08.2020
Жаңаөзенде деструктивті діни ағымды ұстанушы екі адам ұсталды

2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынын ұстады.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер алынды.

9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.

Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықтауда.

Хабар 24 телеарнасы