423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде компьютер тілін түсінбейтіндер ХҚО-да делдалға жем болып жүр

  • 162
  • UPD: 21:33, 12.08.2020
Ақтөбеде компьютер тілін түсінбейтіндер ХҚО-да делдалға жем болып жүр

Ақтөбедегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы күніне 600-ден астам азаматтың өтінішін қабылдайды.

Олардың 200-і онлайн режимде. Алайда компьютер тілін түсінбейтін тұрғындар ақысыз көрсетілетін қызметтен пайда тауып отырған пысықайларға жем болады. Өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім жетекшісі Аслан Оразов солай дейді. Мәселен, электрондық қолтаңба алу, жүргізуші көлігін жаңасына ауыстыру сияқты қызмет түрлері үшін ешқандай ақша төлеудің қажеті жоқ. Дегенмен, кейбір қызмет көрсетуші жеке тұлғалар азаматтардың бұл жайттан бейхабарлығын пайдаланып келеді. Ал халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін пайдалану үшін алдын ала телефон арқылы кезекке тіркелу керек.

Мамандардың айтуынша, жеке сәйкестендіру номері арқылы берілетін бұл электронды тізімге басқа азаматтың килігуі мүмкін емес. 

Аслан Оразов, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы:

- Егер мен телефон арқылы кезекке тіркелсем, тізімге енгендігім туралы СМС хат келеді. Және ол менің жеке сәйкестендіру номеріме бекітілген. Сол талонмен келген азаматқа ғана қызмет көрсетіледі. Оның орнына басқа адам өте алмайды. Себебі жеке сәйкестендіру номері электронды базадағы броньмен сәйкес болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы