422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының бас санитар дәрігері халықтан кешірім сұрады

  • 327
  • UPD: 17:57, 13.08.2020
Алматы облысының бас санитар дәрігері халықтан кешірім сұрады

Алматы облысының жаңа тағайындалған бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов кәсіпкерлермен кездесу барысында жіберген ағаттығы үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бірақ департаменттің алдына жиналған азаматтардың тарапынан маған әлі күнге дейін ешқандай наразылық, өкпе-реніш айтылған жоқ. Олар елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты қатты қиналып қалғандарын, карантин режимін жеңілдетіп, автобөлшек сататын дүкендердің бірін ашуға көмек беруімді сұрап келді. Өңірде коронавирус індетіне байланысты жағдайдың тұрақтала бастағанын білесіздер. Сондықтан мен 17 тамызға дейін шыдаңыздар дедім. Одан ары қарай бірқатар жеңілдік болатынын айтып, түсіндіру жұмысын жүргіздім. Алайда қаладағы блогерлердің бірі сыртымнан түсіріп алып, өз арамызда болған әңгімені әлеуметтік желіге жүктеп жіберді. Содан осындай шу шығып отыр. Өз кемшілігімді де мойындаймын. Басшылық маған қатысты қандай шара қабылдаса да мен оған дайынмын», –деді Алматы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы.
Ерғали Сыдыманов, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:
– Бірақ енді кеше сыртымнан түсіріп жатқан жағдайға ол жерде шын мәнісінде мен халықпен халықша сөйлескім келді де, енді қарапайым тілменен түсіндіргім келді. Соны енді басқа жағынан бұрмалап жіберген екен. Егер ол жерде шын мәнісінде солай көріп тұрған болса, мен өзімнің халқымнан, елімнен кешірім сұраймын. Бірақ арғы жағында менің ешқандай жаман бір келеңсіз ойларым болған жоқ. Ол жерде боқауыз сөз айтылған жоқ. Бірақ дегенмен менікі де дұрыс болмады. Қателік болды. Қазір енді түсініктемемнің бәрін министрлікке беріп жатырмын. Жоғары жақтағы басшылар қандай шешім қабылдайды, мен сол шешімді құптаймын.

Хабар 24 телеарнасы