420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балаларды ауруханаға жаппай жатқызу туралы жалған ақпарат тарады

  • 225
  • UPD: 23:03, 18.08.2020
Балаларды ауруханаға жаппай жатқызу туралы жалған ақпарат тарады

Әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы судың улануы, вирусолог дәрігерлерді арнайы қонақ үйлерге қоныстандыру, балаларды емдеу және ауруханаларға жаппай қабылдау және реанимация туралы арнайы хаттама дайындау туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Азаматтарды осындай арандатуларға ермеуге және мемлекеттік органдардың ресми парақшаларында жарияланатын ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.

Денсаулық сақтау министрлігі барлық қабылданған шешімдер, оның ішінде бас санитар дәрігердің жаңа қаулылары және коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу хаттамаларындағы өзгерістер туралы азаматтарды барынша жедел хабардар етеді. Барлық ақпарат ашық және қолжетімді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы