431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында Сайрамсу шатқалындағы құтқару операциясы аяқталды

  • 124
  • UPD: 23:53, 25.08.2020
Түркістан облысында Сайрамсу шатқалындағы құтқару операциясы аяқталды

Түркістан облысында Сайрамсу шатқалындағы құтқару операциясы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар қызметі 3 күн бойы тау ішінде қалып қойған жандарды алып шықты. Ұлттық табиғи қорық төңірегіндегі Сайрам мұздығына шыққан 5 азаматтың екеуі құздан құлап кеткен. Ер адам теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте, ауыр халде табылды. Қабырғалары сынған. Тыныс алуы қиындап, үсік шалған. Әйелі бүгін күндіз табылды. Өкінішке орай, ол құтқарушылар келгенше қайтыс болған.

Орынбасар Тұртбаев, қалалық ТЖД жедел құтқару тобының жетекшісі:

- Сайрамсу шатқалына бет алған 5 адамнан тұратын топ құтқарушыларды ескертпей кетіп қалған. Сондықтан олардың бағыты бізге беймәлім болды. Алғашқы ақпарат түскен сәтте де оқыс оқиғаның болған жері туралы нақты білмедік. Сондықтан кешеден бері біздің мамандар басқа жерлерді аралаған.

Хабар 24 телеарнасы