420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтааралда 300 мың тонна бақша дақылы жиналды

  • 201
  • UPD: 11:44, 30.08.2020
Мақтааралда 300 мың тонна бақша дақылы жиналды

Көктемдегі су тасқына қарамастан биыл Мақтааралдық диқандар 300 мың тонна бақша дақылын жинады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін олар нарыққа 250 мың тонна қауын, 50 мың тонна қарбыз шығарды. Аудан бойынша 9300 гектар алқапқа қауын, ал 850 гектарға қарбыз еккен болатын. Дайын өнімнің басым бөлігі ТМД және Еуропа елдеріне экспортталуда.

Айта кетейік, дәмі тіл үйіретін «Жиенбет», «Валеть» сынды қауынның ұрығын «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының мамандары өңдеп шығарған. Бұл сорттар ұзақ жолға төзімділігімен ерекшеленеді. Осындай айрықша қауын егумен айналысатын мақтааралдық шаруалар көршілес Өзбекстан елінің диқандарына бәсекелесетін деңгейге жетті.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Биылғы жылы Мақтаарал ауданында 59 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның негізгісі бақша дақылдарына үлкен көңіл бөлінді. Бұдан бөлек, биылғы су тасқыны кезінде 11 елді мекенде 5700-ден астам егістік су астында қалды. Оның ішінде Өзбекстаннан келген техникалардың көмегімен 3700 гектар жері қайта егілді. Оның ішінде негізгісі – мақта дақылы. Осы алқапта 1158 агроқұрылым анықталып, ол кісілерге мемлекеттен 1 млрд 100 млн теңге өтемақы төленді.

Хабар 24 телеарнасы