426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қалааралық автобус қатынасы жанданды

  • 229
  • UPD: 12:17, 31.08.2020

Бүгіннен бастап елімізде карантин талаптарын жеңілдетуге байланысты  қалааралық автобустар қатынай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала іргесіндегі елді мекендерге баратын қоғамдық көліктерге де рұқсат беріледі. Жолаушылар қандай да бір сақтық шараларын сақтауы тиіс пе, сондай ақ  автобекеттің дайындығы қандай?

Ұлан Нарынбек, тілші:

– Біз қазір Алматыдағы Сайран халықаралық автобекетінің перронында тұрмыз. Таңертеңгілік уақыт болғандықтан мұнда адам өте аз. Өйткені рейстердің басым бөлігі кешкісін жолға шығады. Қазір перронда Талдықорғанға жүретін бір шағын автобус пен Қызылордаға жүретін бір үлкен автобус тұр. Алматыдан көршілес Қырғызстанға, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Моңғолияға автобус қатынайды. Әзірге көрші мемлекеттермен шекара жабық болғандықтан ол елдермен автобус қатынасы да тоқтап тұр.

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы