424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың дербес деректеріне қатысты құқық бұзу фактілері тексеріледі

  • 107
  • UPD: 12:51, 04.09.2020
Қазақстандықтардың дербес деректеріне қатысты құқық бұзу фактілері тексеріледі Kapital.kz

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтардың дербес деректеріне қатысты құқықтарының бұзылу фактілері бойынша тексерулер жүргізеді.

Азаматтар жеке деректерінің заңсыз жария болу фактілерін анықтаған жағдайда министрлікке хабарласып, арнайы тексеру жүргізуін сұрай алады. Ол үшін moap@mdai.gov.kz электронды поштасына хат жолдауына немесе «электрондық үкімет» порталындағы (Электрондық өтініштер бөлімі) министрдің жеке блогына жазуына болады.

Өтініш берген кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша мәліметтер жеткілікті болуы керек: растайтын материалдар, құқық бұзушылық субъектісі туралы ақпарат және мерзімі. Анонимді өтініштер қаралмайды.

Министрлік өз кезегінде құқық бұзушыға қатысты тексеру жүргізеді. Әр тексеру ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде тіркеуден өтеді және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және ҚР ӘҚБК сәйкес жүргізіледі.

Факт расталған жағдайда әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығарылады.

Бұл ретте уәкілетті орган шағын бизнеске 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жоспардан тыс тексерулер жүргізбеу туралы қабылданған мораторийге қарамастан, шағын бизнес субъектілеріне тексеру жүргізбей-ақ әкімшілік іс қозғауға құқылы. Ең бастысы, құқық бұзушылық фактісін растайтын қажетті материалдарды толық ұсыну.

Хабар 24 телеарнасы