429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жөнделген жол жүруге жарамай қалды

  • 235
ШҚО-да жөнделген жол жүруге жарамай қалды

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы Новополяковка ауылында құрылысшылар көшеге жартастың қиыршық тастарын төгіп тастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол жөнделетін болды деп қуанып жүрген жұрт енді кесек-кесек тастардан құтыла алмай әуре. Өйткені жол үстіндегі тастың кейбірінің салмағы 100 келіден асып түседі. Ондай жолмен көлікпен қатынау мүмкін емес дейді ауылдықтар. Қазір олар күн сайын ірі тастардан жолды аршып, амалдап жүр екен. Оның үстіне автокөліктерінің дөңгелектері шыдас бермей, шығынға батуда. Ал жергілікті әкімдік болса, бұл қиыршық тастар жолға төселуге жарайтын жалғыз материал деп отыр. Өйткені өңірде жауын-шашын жиі болады. Әр жауынан соң жол үсті ми батпаққа айналады. Сондықтан бұдан басқа амал жоқ дейді.

Лидия Дюсупова, Новополяковка ауылының тұрғыны:

– Теледидардан керемет жол салынып жатқаны туралы жиі көреміз. Бізде де сондай болар деп ойладық. Қайдан білейік. Келді де мынадай тастарды төсеп кетіп қалды. Кәдімгі тас тиеп әкеліпті. Балаларымыз қалада. Келе алмай жүр. Өйткені көліктен түк қалмайды.

Хабар 24 телеарнасы