424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетақы қорынан қаржы алу үшін мемлекетке 10% салық төлеу қажет

  • 121
  • UPD: 23:16, 09.09.2020

Елімізде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаржы алудың үш жолы көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ мемлекетке 10% салық төлеу қажет. Бұл жайында әлі біркелкі түсінік жоқ. Біреулер оны мүлде қолдамайды, енді біреулер «салық салу бюджетке түсім әкеледі», дейді.

Тұрғын үйді сатып алу, жөндеу және емделуге қажетті зейнетақы жинақтары қолма-қол берілмейді. Қаржы айналымы электронды негізде жүзеге асады. Егер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» есепшот болса, белгілі мөлшердегі соманы сонда аударуға болады.

Виктория Шегай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры:

- Пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізетін құрылыс бригадасымен келісімшарт жасасу керек. Сол құжат болған жағдайда қаражат аударылады. Келісім бойынша жинақтың мақсатты жұмсалатынын дәлелдеу қажет.

Халықтың еміне жұмсалатын қаржыға қол жеткізу үшін Денсаулық сақтау министрлігі де біркелкі механизм әзірлейді. Мұнда да қордағы қаражат белгілі бір медициналық мекеменің шотына аударылуы тиіс.

Виктория Шегай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры:

- Азамат қандай сырқатқа шалдыққанда жинақтың берілетіні анықталып жатыр. Арнайы комиссиялар құрылады. Оның мүшелері азаматтың сырқатын тексеріп, көмектің қаншалықты қажет екенін анықтайды.

Зейнетақы қорынан алынатын қаражатқа салық салынады. 10% мөлшерінде. Мемлекеттік кірістер комитеті таяуда жасаған мәлімдемесінде осылай деді.

Белгілі экономист Сапарбай Жобаев мемлекеттік органның бұл әрекетін дұрыс деп есептейді.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Халықтың көпшілігі бұл ақшаны ала алмайды. Халықтың көбі 1 млн ғана жинады. 10 млн-нан асқаны, өте көп ақшасы болып, үстіндегі ақшаны алып жатса, рас 10%-ін салыққа беру керек.

Экономистің меңзегені, зейнетақы қорындағы жинақ кез келгеннің уысына түспейді. Қаржысы шекті деңгейден аспайтындар көп. Сондықтан қарапайым халық үшін алаңдауға негіз жоқ.

Сапарбай Жобаев, экономист:

- 10-12 миллионды кім жинады, тек қана депутаттар, бастықтар, әкімдер, квазимемлекеттік бастықтар оларға бұл ақшаның түптеп келгенде керегі жоқ, егер де олар алатын болса, 10% салығын төлейді. Халық қобалжымаса болады. Олигархтар 10-20% төлесе де дұрыс.

10% көлемінде салық төлеу мәселесі қоғамда әлі де талқыланады. Әзірге бұл тұрғыда біркелкі ұстаным жоқ.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Аят Дүйсебаев

Хабар 24 телеарнасы