421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантин жеңілдетілді

  • 118
Алматыда карантин жеңілдетілді Tengrinews

Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері коронавирусқа байланысты карантиндік шектеу шараларын жеңілдетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап:

- мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар), кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды.

Бұл ретте, маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет.

- ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4 сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істей бастайды.

Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылады.

«Қаулыны ұйымдастырушылық-құқықтық формасына және қандай ведомство құрамына кіретініне қарамастан барлық заңды тұлғалар орындауға міндетті. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», - делінген Алматы қалалық Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған құжатта.

Хабар 24 телеарнасы