421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ауыл» партиясы тұмаудан сақтану жайлы онлайн конференция өткізді

  • 92
«Ауыл» партиясы тұмаудан сақтану жайлы онлайн конференция өткізді

Күздің қара суығында тұмаудан қалай сақтануға болады? Бүгін «Ауыл» партиясының Көкшетаудағы өкілдері осындай мәселе көтерді.

Жергілікті дәрігер Мақшәріп Мартазановтың айтуынша, қазір аурудың алдын алу шараларын күшейту қажет. Бүгінгі пандемия кезінде денсаулыққа әдеттегіден де көп көңіл бөлу керек. Кейбір адамдар секілді бейқамдық танытуға мүлдем болмайды дейді білікті маман. Онлайн режимде өткен конференцияда дәрігер өзге де сақтық шараларымен бөлісті. Ал профилактиканың ең қарапайым түрі - бетперде тағу, жауапкершілікті сезіну, ауруға қарсы екпе салдыру болмақ.

Мақшәріп Мартазанов, облыстық аурухананың неврология бөлімінің меңгерушісі:

- Вирустық аурулардың алдын алуда ең тиімді тәсіл, ол – вакцинация. Бірақ екпе салғаннан кейін иммунитет бірден көтеріліп кетпейді. Дәрі 2 немесе 4 аптадан кейін әсер етуі мүмкін. Сондықтан екпені ертерек салдыру қажет. Ал қазір міне, дәл сол уақыт. Ең бастысы, өз денсаулығымызға деген жанашырлық және айналадағы адамдарға деген құрмет болу керек.

Хабар 24 телеарнасы