428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жаңа екі комитет құрылды

  • 95
  • UPD: 20:23, 22.09.2020
Елімізде жаңа екі комитет құрылды

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мекеменің қызметін енді жаңадан құрылған екі мекеме атқарады. Олар: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері. Тиісті қаулы Үкіметтің сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес бұрынғы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аймақтық құрылымдары да қайта құрылып, атауын өзгертеді. 

Хабар 24 телеарнасы