427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалық құс фабрикасында карантин жарияланды

  • 158
  • UPD: 19:44, 24.09.2020
Арқалық құс фабрикасында карантин жарияланды

Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, құс тұмауынан қырылған құстар саны бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде індеттен өлген қанаттылардың саны 111 мыңнан асқан. Оның 110 мыңы Арқалық құс фабрикасына тиесілі. Ал облыстық ветеринария басқармасы ондай мәлімет қолдарында жоқ екенін айтады. Бір анығы, қанаттылардың жаппай өліміне құс тұмауы себеп. Сараптама қорытындысы соны көрсетті. Сондықтан Арқалық құс фабрикасында бүгіннен бастап карантин енгізіледі. Енді кәсіпорынның өнімі сыртқа шығарылмайды. Шамамен жиырма күн мұнда жаппай зарарсыздандыру және вакцинациялау жұмыстары жүргізіледі. Кеше облысқа қосымша 347 мың дана вакцина жеткізілді.

Бауыржан Бекет, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Құс фабрикасымен іргелес жатқан елді мекендер олар буферлік аймақтар болады. Оның 25 шақырымдайы, оның ар жағында 50 шақырымдай жерлерде бағалау аймақтары болады. Соған тиісінше, вакцинациялар жасалады.

Хабар 24 телеарнасы