430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алып кәсіпорындардың қоршаған ортаға зиянын азайту керек – Мәжіліс

  • 166
  • UPD: 20:11, 25.09.2020
Алып кәсіпорындардың қоршаған ортаға зиянын азайту керек – Мәжіліс

Сондықтан жаңадан ашылатын нысандарға заманауи технологиялар енгізген дұрыс.

2025 жылдан бастап бірінші санаттағы жаңа кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсатқа көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жаңа экологиялық кодекс жобасында көрсетілген. Ал жұмыс істеп тұрған нысандар 2021 жылдан бастап, ерікті түрде осы жүйеге өте алады. Бұл талапты орындаған кәсіпорындар эмиссиялық төлемдерден босатылады. Мәжіліс экологиялық кодекс жобасын жан-жақты талқылап жатыр. Бұл жолы Мәжіліс комитетінің көшпелі отырысы онлайн форматта өтті. Талқылауға үкіметтік емес ұйым мүшелері, экологтар мен ірі кәсіпорын өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы кодексті жыл аяғына дейін қабылдауды тапсырған болатын.

Мансұрхан Махамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Кодекстің негізгі бағыты – бұл экологиялық құқықтық қарым-қатынасты реттеу. Бұл жерде бірінші жағынан азаматтар мен мемлекетіміздің мүддесі болса, екінші жағынан мемлекеттік мүддені, яғни бизнестің мүддесін ескеру болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы