427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балалар тегін жаттыға алады

  • 158
  • UPD: 12:41, 26.09.2020
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балалар тегін жаттыға алады

Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі балалар енді паралимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлерін тегін үйрене алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымдастырушылар бұл бастама аталған бүлдіршіндерге зор мүмкіндіктер есігін ашатынына сенімді. Бұдан бөлек, таэквондо, суда жүзу, инклюзивті хореография, және бочча ойындарының секцияларына да қатыса алады.

Айта кетерлігі, ерекше балалар денсаулығында ешбір кінәрәті жоқ қатарластарымен тең жаттығады. Әлемдік тәжірибе осындай жаттығулардың нәтижесінде туа біткен сал ауруы, аутизм, сөйлеуінде кемістігі бар балалардың қалыпты өмірге едәуір тез бейімделетінін көрсеткен. Қазірдің өзінде 42 өтініш келіп түскен, алғашқы жаттығулар басталып та кетті.

Гауһар Әкіжанова, жоба үйлестірушісі:

- Менің өзімде де ерекше балам бар, қазір бочча үйірмесіне қатысып жатыр. Біз үшін бұл жаңа спорт, бірақ өте қызықты екен. Алда да балалардың өмірі мәнді де сәнді өтуі үшін бар үлесімізді қосамыз.

Хабар 24 телеарнасы