427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқандар ұсталды

  • 193
  • UPD: 16:50, 30.09.2020
Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқандар ұсталды

Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқандар қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қыркүйек айының 27-і күні «Охотзоопром» мекемесінің және Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қаскүнемдер құрықталды.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында күдік келтірген «Урал» мотоциклі тоқтатылды. Жедел-тергеу тобымен мотоцикл ішінен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрық, аңшы мылтығы және пышақ тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы