430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында құс тұмауына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр

  • 196
  • UPD: 21:40, 30.09.2020
Ақмола облысында құс тұмауына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр

Ақмола облысында қанаттыларға 210 мың вакцина салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар 4 құс фабрикасындағы бір жарым миллион тауыққа екпе жасалды. Қазір аймақ бойынша 20 ауылдан ауру ошағы анықталған. Айта кетерлігі, Біржан сал ауданында аққулар өліп қалған. Олардан сынама алынып, елордаға сараптамаға жіберілді. Індет шыққан елді мекендерде арнайы топ мамандары жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейінірек шығын көрген тұрғындарға өтемақы беріледі.

Талғат Жүнісов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Өтемақыны айтатын болсақ, ол республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы ғой. Отряд өзінің шаруасын жүргізіп жатыр. Және сол бүкіл жұмыстар біткеннен кейін барлығын есептеп, қанша қаржы, неше бас құс өлді соның бәрін есептеп олар өткізеді. Өткізгеннен кейін Үкімет өзінің қаулысын шығарып, сол қаражат бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы