428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балалар арасындағы коронавирус: кезекші сыныптар жабылуы мүмкін бе

  • 254
  • UPD: 17:36, 01.10.2020
Балалар арасындағы коронавирус: кезекші сыныптар жабылуы мүмкін бе

Қазақстанда кезекші сыныптарға баратын 36 оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Осы балалармен байланыста болған 575 оқушы анықталды. Олардың арасында да 10 баланың талдау сынағы оң нәтиже берді. Балалар арасында ауру көбінесе симптомсыз немесе жеңіл түрде өтеді. Осы балалардың ішінде 5 бала ғана стационарлық көмекке жүгінді. Оның ішінде үш баланың ғана жайдайы орташа деп бағаланды. Қашықтан оқып жатқан балалар арасында 73 жағдай тіркелді. Байланыста болған 242 адам анықталып, олардың ішінде 15 жағдай оң нәтиже көрсетті», - деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Айтуынша, Шығыс Қазақстанда 13, Солтүстік Қазақстан 12, басқа өңірлерде 1-2 баладан анықталған.

Вице-министр «балалар арасында коронавирустың таралуына байланысты кезекші сыныптар жабылуы мүмкін бе» деген сұраққа жауап берді.

«Бастауыш сыныптар мектепке ата-аналардың өтінішімен барған еді. Қазір оқушылар санитарлық талаптарға сай сыныптарда оқып жатыр. Ауамен таралатын инфекция болғандықтан, балалар арасында да инфекцияның таралуы байқалуда. Егер бір сыныпта бір бала ауырса, барлық сынып карантинге жабылады. Қазір бірінші тоқсанның аяқталуына 1 ай ғана уақыт қалғандықтан, осы бірінші тоқсанды бітірсін деп отырмыз. Содан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешілетін болады», - деді.

Хабар 24 телеарнасы