427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бастауыш сыныптарда білім алып жатқан 36 оқушы коронавирус жұқтырды

  • 232
Бастауыш сыныптарда білім алып жатқан 36 оқушы коронавирус жұқтырды

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғинияттың айтуынша, олармен бірге тағы 575 бала оқыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ПТР тестілеуден өткеннен кейін, тағы он оқушының нәтижесі оң болғаны анықталды. Олардың дерті жеңіл, еш белгісіз өтіп жатыр. 5 бала ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, коронавирус жұқтырғандардың 13-і Шығыс Қазақстан облысында, 12-сі Солтүстік Қазақстанда тұрып жатыр. Қалған өңірлерде 1-2 деректен ғана тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы