432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Қазақстанда 3,6 мыңнан астам медицина қызметкері төлем алды

  • 176
  • UPD: 10:58, 02.10.2020
COVID-19: Қазақстанда 3,6 мыңнан астам медицина қызметкері төлем алды Ак Жайык

COVID-19-бен күресуге тартылған 3 621 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.

Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 37 медицина қызметкерінің туыстарына төлемді аударды.

ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, өңірлер тұрғысында медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемнің ең көп саны Нұр-Сұлтан (718) және Алматы (420) қалалары мен Қарағанды (404), Батыс Қазақстан (261), Ақмола (249), Атырау (228) облыстары бойынша жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы