428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Праймериз: белсенді кім?

  • 143
  • UPD: 10:48, 03.10.2020

Маңғыстау облысында Nur Otan партиясының ішкі іріктеуіне әсіресе әйелдер мен жастар белсенді қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Праймеризге өтініш тастаған 315 кандидаттың 100-і – нәзік жандылар, ал 34 проценті – 35 жасқа дейінгі жастар. Олар партия мүшелеріне өңірдегі өзекті мәселелерді шешу бағытындағы өз бағдарламаларын ұсынып, таныстырды. Үміткерлер пікір-сайыстарға да белсене қатысты. Арнайы белгіленген орындарда 103 дебат өткізілді. Ал 1 қазаннан онлайн дауыс беру басталды. Тек облыстағы интернет сапасы төмен 8 ауылда партия мүшелері бюллетень арқылы дауыс беруде. Ең лайықты көшбасшыларды таңдау үшін барлық жағдай қарастырылған дейді партия филиалының басшылары.

Елубай Әбілов, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Ашық өтіп жатыр. Әр кандидат сағат сайын өзіне кімнің, қанша дауыс бергенін көреді. Өз таңдауымызды жасаймыз. Бұл бізге өте маңызды. Осы қоғамда өз орны бар, елдік мәселелерді көтеріп жүрген азаматтар мәжілісте, облыстық және жалпы барлық деңгейдегі мәслихаттарда болғаны дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы