428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Ақмола облысындағы Родина ауылында бір де бір қылмыс тіркелмеген

  • 122
Биыл Ақмола облысындағы Родина ауылында бір де бір қылмыс тіркелмеген

Биыл Ақмола облысындағы Родина ауылында бір де бір қылмыс тіркелмеді. Өткен 5 жылда мұнда небәрі 27 құқық бұзушылық болған.

Мұндай нәтижеге 145 бейнекамера орнату арқылы қол жеткен көрінеді. Камералардың жұмысын жергілікті учаскелік инспектор планшет арқылы бақылап отырады. Осы орайда Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Родина аулына келіп, сала мамандарын марапаттады.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Жергілікті учаскелік инспектордың Родина ауылында жұмыс істеп келе жатқанына 13 жыл болды. Маман осында қызметтік үй алып, тұрып жатыр. Сондай-ақ ол автокөлікпен қамтамасыз етілді. Тәртіп сақшысы тұрғындарға әрдайым көмек көрсетуге дайын. Керек болса адамдарға құқық бұзушылықты тыюға жәрдемдесе алады.

Хабар 24 телеарнасы