428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Прокурорлар бірқатар жұмысты онлайн жүргізетін болды

  • 67
  • UPD: 23:21, 05.10.2020
Прокурорлар бірқатар жұмысты онлайн жүргізетін болды

Прокурорлардың жұмысы жеңілдейтін болады. Енді олар бірқатар қызметін онлайн форматта жүргізеді. Тиісті пилоттық жоба Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен басқосуда таныстырылды.

Құқық қорғау органдарының мамандары істерді қайта квалификациялау немесе тоқтату туралы шешімді бірыңғай соталды тергеу реестрінде қағаз күйінде емес, электронды түрде тіркей алады. Жаңашылдықтың арқасында прокурор құжаттардың заңдылығы мен құқық бұзушылықтардың бар-жоғын онлайн режимде тексереді. Аталмыш модель тергеу уақытын біраз қысқартуға мүмкіндік береді. Ерлан Қошанов атқарылған жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, ағымдағы жылдың соңына дейін жобаны сынақтан өткізуді аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар келер жылдан бастап Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын іске асыруға кірісу қажеттілігін атап өтті.

Еділ Жұбанов, ШҚО прокурорының орынбасары:

- Бұл жоба тергеушілер мен прокурорлардың біліктілігін арттыруға сеп болды. Қазір электронды форматта орындалған құжаттарға деген талап артып отыр. Жүйедегі құжаттарға өзгеріс енгізу мүмкін емес. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары 2 мыңнан астам процессуалды шешім бойынша келісімін берді.

Хабар 24 телеарнасы