427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы емдеу мекемелері медициналық құралдармен жабдықталуда

  • 168
  • UPD: 11:16, 06.10.2020
Қызылорда облысындағы емдеу мекемелері медициналық құралдармен жабдықталуда

Мәселен, Қармақшы аудандық ауруханасы жаңа жылжымалы рентген аппараттарын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мекеме карантин басталғалы коронавирус инфекциясы мен пневмонияға шалдыққан 459 науқасты қабылдаған. Сондай-ақ мұнда өкпені жасанды желдету құрылғысының жетеуі әкелінді. Одан бөлек, жергілікті меценаттар 40 оксигенаторды сыйға тартып отыр. Маусым, шілде айларында COVID-19 жұқтырған денсаулық сақтау нысанының 11 маманы кеселден толық айығып, қатарға қосылды. Қазір аудан бойынша 100 орындық провизорлық стационар дайын тұр.

Айдос Жанәлиев, Қармақшы аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Қосымша аграрлық колледжде 50 төсек дайын. Және 250-мектептен 50 орын ашуға дайын тұр. Сол жақта жұмыс істеуге 30 дәргер біліктілігін арттырды. Провизорлық стационарда жұмыс жасай алады. Дәрі-дәрмек қоры, қорғаныс құралдары алынды, 2 айға жеткілікті. 10 мың бетперде, 10 мың қолғап алынды.

Хабар 24 телеарнасы