432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешек сомасы бір жылда 86 млрд теңгеге өсті

  • 154
Несиелер бойынша мерзімі өткен берешек сомасы бір жылда 86 млрд теңгеге өсті

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мерзімі кешіктірілген қарыздар 1,03 трлн теңгені құрайтынын дәлелдеді.

Ал 2019 жылдың осындай күнінде бұл сома 942,7 млрд теңгеге жетті. Осылайша бір жыл ішінде мерзімі өткен берешек 9,5%-ке немесе 86 млрд теңгеге жуық өсті.

Сонымен қатар мерзімі өткен несие ұлттық валютада 835,9 млрд теңгені, ал шетелдік валютада 192,7 млрд теңгені құрады.

Несие алу бойынша көшбасшылардың қатарында бұрынғыдай Алматы (564,8 млрд тг (+1,1%) тұр.

Екінші орында Нұр-сұлтан қаласы орналасқан. Онда банктердің қарыз мөлшері 130,6 млрд теңгені (+37%) құрайды. ШҚО үшінші орында (87,1 млрд теңге (+73%)).

Шымкентте несиелер бойынша мерзімін ұзарту сомасы 36,6 млрд теңгеге жетті (+10,5%). Атырау облысында 34,5 млрд теңге жұмсалды. Одан кейін Қарағанды облысы (31,3 млрд теңге) және Павлодар облысы (21,2 млрд теңге) орналасқан.

Несиелер бойынша ең аз қарызға кірген – СҚО (5,7 млрд теңге) және Түркістан облысы (2,3 млрд теңге) тұрғындары.

Хабар 24 телеарнасы