432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тағы қатаң карантин енгізілуі әбден мүмкін – ДСМ ресми өкілі

  • 362
  • UPD: 17:28, 07.10.2020
Тағы қатаң карантин енгізілуі әбден мүмкін – ДСМ ресми өкілі

Елімізде коронавирус жұқтырған науқастар саны қайтадан өсуде.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде айтты.

«Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, карантиндік шаралардан біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайта өсуде. Егер азаматтар санитарлық дәрігердің талаптарын сақтамаса, тағы да қатаң карантин енгізілуі әбден мүмкін. 7 қазандағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 108 362 адам тіркелген, соңғы тәулікте 66 азаматтан індет анықталды, яғни 0,6 процент өскен», - деді.

Хабар 24 телеарнасы