432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО құтқарушылары ауа райы салдарынан жолда қалғандарға көмек көрсетті

  • 197
ШҚО құтқарушылары ауа райы салдарынан жолда қалғандарға көмек көрсетті

Бүгін таңертең 40-тан астам көлік Өскемен-Риддер тасжолындағы Михайловка және Секисовка ауылдары маңында боран мен көктайғақ салдарынан жолда қалып қойды.

Бір көлік жүріп келе жатып жолдан тайып кеткен. Онда 2 ересек пен 3 бала болған. Глубокое ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері осы жолаушыларды дереу шығарып алып, Быструха ауылындағы үйлеріне жеткізді.

Сондай-ақ көлік кептелісінде қалған жүргізушілерге вахталық автобус келіп жетті. Жолаушыларға жолды тазалануын жылы жерде күтуге жағдай жасалды. Қазіргі таңда ШҚО ТЖД құтқарушылары жүргізушілерге қар құрсауынан шығуына көмектесуде.

Облыста боран мен көктайғақ туралы алдын ала  дауылдық ескету жарияланған болатын.

ШҚО ТЖД азаматтарға аса қажеттілік болмаса, елді мекеннен шықпауға кеңес береді. Жолға шығар алдында көлікті дайындаңыз. Өзіңізбен бірге күрек, өрт сөндіргіш, арқан, дәрі қобдишасы, жылы киімдер мен қосымша жанармай алып шығу керек.

Қозғалыс кезінде арақашықтық сақтап, күрт тоқтауға болмайды.

Дауылдық ескерту туралы сіз «Дәрмен» қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз. Төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112-ге қоңырау шалыңыз.

 

Хабар 24 телеарнасы