428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұмаумен ауырған құстың етін көздеріңізше жеуге дайынмын – ҚР АШМ өкілі

  • 136
  • UPD: 14:56, 13.10.2020

Құс тұмауынан шығынға ұшыраған жеке қожалықтар мен құс фабрикаларына 15 мың құс басы үшін 75 млн теңге өтемақы төленді.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, төлемақы төлеу әлде де жалғасып жатыр. Ол үшін фермерлер құс шаруашылығы барын растайтын анықтаманы көрсетуі керек. Жалпы құс шығынын өтеу көлемі, статистика комитетінің әр өңір, әр аудан бойынша бекіткен бағасы мен жергілікті комиссия арқылы анықталады. Індет бойынша тек Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында құс шығыны тіркелмеді. Қазіргі уақытта құс тұмауының таралуы тоқтады. Айта кеткен жөн, елде 46 млн құс басы бар. Оның ішінде шамамен 1 проценті ғана құс тұмауына ұшырады. 64 құс фабрикасының жартысына жуығы жұмыртқа өндіреді.

Руслан Шәріпов, «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗТБ президенті:

- 40 градус 70-80 градус Қазақстанда шикі сырой продукцияны неғымайды. Сол үшін біз қайнатып, жаңағы Гүлжан айтқандай, пісіріп жегенде вирус өледі. Сол үшін қорықпай халыққа айтатыным, қорықпай потреблять етуіңізге болады. Даже если сенбесеңіздер, осы ауырған тауық болсын, үйрек болсын, сол тірі болса алып келіңіздер мен өзім сойып, соны қайнатып пробовать етіп, сіздерге дәлелдеу үшін соны істеуге барамын.

Хабар 24 телеарнасы