427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада электр энергиясы мен жылу тарифі өсуі мүмкін

  • 103
  • UPD: 14:57, 14.10.2020
Елордада электр энергиясы мен жылу тарифі өсуі мүмкін

Алдағы жылы электр энергиясы мен жылу үшін төлемдер бағасы тағы да өсуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шекті тарифті монополияға қарсы ведомство бекітеді.

Өткен аптада «Астана су арнасы» судың тарифін 44%-ке, кәріз жүйесін 137%-ке көтереміз деп айды аспаннан бір-ақ шығарған еді. Бұл жаңалықты естіген тұрғындар наразылық танытты. Екі есеге тариф көтеру қалтаға тиетінін айтады. Ал коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, халық бағаның көтерілгенін тіпті сезбей де қалады-мыс. Компаниялар «қаржылық қиындыққа тап болып, сол себепті тарифті қымбаттатуға мәжбүр болдық» деп ағынан жарылды.

Эльдар Асқаров, «Астана су арнасы» МКК бас директорының орынбасары:

- 2019 жылы біз шығынға белшеден баттық. 5 миллиард қаржы кетті. Тағы бір жарым милиард дебиторлық қарыз, ал 1,2 миллиард кредиттік қарызымыз бар.

«Шығындарымыз да өсті» деген кәсіпорын бюджетінің тек бір бөлігі түбіртектер басып шығаруға кетеді екен. Оның өзіне ғана 65 миллион теңге жұмсалады. Қазір халықтың басым бөлігі онлайн төлемдерге көшкенін ескерсек, бұл шығынды үндемдеуге болар еді. «Астана-Рэк» мекемесі де электр жарығының бағасын 71%-ке өсіруді ұсынып отыр. Тараптар таласы қандай нәтиже береді әзірге белгісіз. Ал біз бағаны бағамдайтын табиғи монополияларды реттеу ведомствосы өкілінен мәселенің мән-жайын сұрап көрдік.

Ибрагим Тангиев, Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта департамент тиісті тексеру талдау жұмыстарын жүргізеді. Біз өз кезегімізде «заңға сәйкес келе ме және тұтынушылар тарығып қалмай ма» деген мәселенің барлығын ескереміз. Уақыт керек. Бүгін-ертең тариф өзгермейді. Біз толық тексеру жүргізген соң баға өсе ме осы қалыпта қалады ма дене сұрақтардың шешімі шығады

Тарифтердің өзгеруіне депутаттар да қарсы. Олар екі жыл бұрын бұл мәселені көтерген екен. 2020 жылға қарай энергия таратушы мекемелер саны 110-ға дейін қысқаруы керек-ті. Қазір 171 ұйым бар.

Меруерт Қазбекова, ҚР Мәжіліс депутаты:

- Бұл компаниялардың нашар басқарылуы себебінен болып отыр. Бүгінгі күнге дейін тарифтері көңілдерінен шығып, бір сәтте бұлай көтеру ақылға сыймайды. Алыпсатарлардың да бұл жерде ықпалы болуы мүмкін. 2020 жылға қарай тек 110 ұйым қалуы керек еді. Қазір санаңыз, 171 электр энергиясын тарататын ұйым бар. Мұның бәрі бағаға әсер етеді, әрине.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Астанаэнергосервис» компаниясының жұмысы тоқтатылған еді. Оның орнына «Астана қалалық жарық» пайда болды. Олар мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғаларға қызмет етеді. Ал өзге компаниялар қарапайым халыққа жарық таратып, сумен қамтамасыз етуі керек. Яғни қарыз да осыдан жиналады. Сондықтан да тарифті көтеру мәселесі жыл сайын өзекті. Ал алдағы жылғы жаңа тариф қараша айында белгілі болады.

Елордадағы энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдармен де дәл осындай жағдай. Мысалы былтыр әкімдіктің жанынан құрылған осындай компаниялардың бірі «Астанаэнергосервис» компаниясы таратылған болатын Алайда, әкімдік оның қызметін дереу басқа делдалдық кәсіпорынға бере қойды. Бұл компания тек төлем қабілеті жоғары мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. Ал өзге компаниялар қалтасы қалың емес, қарапайым халыққа жарық таратып, сумен қамтамасыз етеді. Қарыз да осылай жиналады. Сондықтан тариф мәселесі жыл сайын көтеріледі. Енді келер жылғы жаңа тариф қараша айында белгілі болады.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Марат Диханбаев

 

 

Хабар 24 телеарнасы