427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде карантин тәртібін бұзған мейрамхана анықталды

  • 127
  • UPD: 08:56, 15.10.2020
Ақтөбеде карантин тәртібін бұзған мейрамхана анықталды

Ақтөбеде түн ортасында жұмыс істеген мейрамхана анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантин талабын ескермей, көпшілікке қызмет көрсеткен ғимарат туралы полицияға жергілікті тұрғындар шағым түсірген. Жедел тергеу тобы мен патрульдік полиция және арнайы жасақ көрсетілген мекенжайға жеткенде ғимарат ішінде 20 шақты адам көңіл көтеріп отырған. Мейрамхана әкімшілігінің бұл әрекеті әшкереленіп, құжаттар жауапты органға берілді. Үлкен көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы