429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшеді

  • 128
  • UPD: 22:02, 15.10.2020
Ақтаудағы жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшеді

Ақтаудағы жұмыспен қамту орталығы жыл соңына дейін жаңа тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан кең ғимаратқа көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік кешен құрылысымен Маңғыстау өңірінде жұмыс сапарымен жүрген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі танысты. Айта кетейік, 11-ші шағынауданда орналасқан ескі нысанның қазіргі жағдайы сын көтермейді. Тар кабинетте отырған әлеуметтік сала мамандары жылына ең кемі 50 мың адамды қабылдап отыр. Өткен 9 айда 10 мыңдай адам орталыққа жүгінсе, оның жартысына жуығы жұмысқа орналастылған. Министрлік өкілі жаңа ғимаратқа көшумен қатар мемлекеттік қызмет түрлерінің халыққа қолжетімді болуына барынша жағдай жасауды тапсырды.

Айжани Нұрланова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі:

Бір кабинеттен екінші кабинетке жіберу процесі әлі де бар. Халықтың бір ренжитіні, басқарма басшыларының халықпен кездесетіні. Мемлекет басшысы да айтып жатыр, халыққа ашық болуы керек деп. Яғни, кабинеттік режим дегенді қою қажет. Ұсыныс жасадым: айына бір рет болса да барлық басқарма басшыларын жинап, халықпен кездестіріп, халықтың ойында жүрген мәселелер болса, ойлары болса, соларды айтуға мүмкіндік беру. Егер осындай мүмкіндік болса, мен ойлаймын, ешқандай мәселе болмауы керек.

Гүлнар Қайырлиева, «қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм басшысы:

- Жаңа ғимаратқа жұмыспен қамту бөлімі және орталығы орналасады. Мұнда қала тұрғындарына Open space, яғни 18 бағыт бойынша ашық түрдегі кеңсе қызметі электронды кезекпен ұсынылады. Бір қабаты кешен құрылысы мамыр айында басталды. Қазіргі уақытта байланыс желілерін тарту, бөлмелерін ішін әрлеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Жыл аяқталғанша біздің мамандарымыз осында келеді деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы