425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жеті мыңнан астам қазақстандық «Салық әмиянын» 23 млн теңгеге толтырды

  • 140
  • UPD: 16:42, 21.10.2020
Жеті мыңнан астам қазақстандық «Салық әмиянын» 23 млн теңгеге толтырды

Салық төлеу процесі одан да жеңілдеп, бұрын талап етілген төлем құжаттары азайтылды.

Бұл «Е-Salyq» мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» қызметінің арқасында мүмкін болды. Оны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады деп Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Казіргі таңда инновацияны 7 090 адам пайдаланды. Олар өздерінің жеке шоттарын 22,9 млн теңгеге толтырды.

«Салық әмияны» қызметіне қаражат жіберу арқылы салық төлеуші бірқатар жеңілдікке ие болды. Мысалы:

  • «Салық әмиянынан» салық берешегін автоматты түрде есептен шығару;
  • қарыз сомаларын бір салықтан екінші салыққа автоматты түрде аудару;
  • төлем туралы хабарлама алу;
  • негізсіз салық санкцияларын алып тастау;
  • қате төлемдерді жою;
  • салық салу объектілерін қарау.

Сондай-ақ «Е-Salyq» мобильді қосымшасында азаматтарға ыңғайлы болу үшін жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарауға, салықтың қандай көлік құралдарымен есептелгенін көруге мүмкіндік бар.

Бұд қызмет сізге көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қоса алғанда, оны атынан шығаруға (сатуға) байланысты көлік құралын мәліметтер базасынан шығарып тастау үшін онлайн режимінде жүгінуге мүмкіндік береді.

Іске қосылғаннан бастап ағымдағы жылдың 19 қазанына дейін 7 493 адам саны түзету мүмкіндігін пайдаланып үлгерді, оның 7 312-сі көлікке, 117-сі мүлікке қатысты.

Интерфейсте тиісті сату құжаттарын немесе көлік құралының деректерін түзету жеткілікті. Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі.

Сонымен қатар 30 маусымнан бастап 507 салық төлеуші артық төлемдерді басқару қызметін қолданып үлгерді. Олар салықтардың басқа түрлері бойынша бұрыннан бар артық төлемдерден 19,4 млн теңге көлемінде салық төледі.

Жалпы порталға кіріп, мобильді қосымшаны жүктеп үлгергендер саны 96 263 адамды құрайды.

Төленуге жататын көлік салығының сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталы, egov.kz электронды үкімет порталы, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша аудандық Мемлекеттік кірістер басқармалары арқылы білуге болады.

 

Хабар 24 телеарнасы