422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрігерлер: Симптомсыз науқастар оқшаулануы керек

  • 174
  • UPD: 20:32, 21.10.2020
Дәрігерлер: Симптомсыз науқастар оқшаулануы керек

ПТР-тестілеу қорытындысы оң нәтиже көрсеткен симптомсыз науқастар үйде оқшаулануы керек.

Дәрігерлер оларды 14 күн бойы телефон немесе бейнебайланыс арқылы бақылап отырады. Елордадағы №4 қалалық ауруханасы мамандарының нұсқауын қашықтан алып келген 6 адам таяуда жазылып шықты. Отбасы денсаулығы орталығының меңгерушісі Зейнепкүл Досжанованың айтуынша, симптомсыз науқастардың осы айдағы саны жаз мезгіліндегі көрсеткіштен әлдеқайда аз.

Зейнепкүл Досжанова, №4 қалалық ауруханасы отбасы денсаулығы орталығының меңгерушісі:

- Оқшауланған кезде әр дәрігер олармен кеңестер жүргізеді. Ол кеңестерді міндетті түрде орындау керек. Ол үйден ешқайда шықпауын, өзінің бөлмесі болуын, жеке өзінің заттары болуын және біз оларға айтамыз, үйінде кішкентай бала мен 65 жастан асқан адамдардың болмауы керек. Көп кісілер жаз айларында симптомсыз болған науқастардың өздері жағдайы барлар пәтер жалдап немесе жақсы туысқанның үйіне жіберіп, өздері ғана үйлерінде болған жағдайлар кездесті.

Хабар 24 телеарнасы