422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ПТР тест нәтижесінсіз ұшаққа кіруге тыйым салынады

  • 233
  • UPD: 17:51, 22.10.2020
ПТР тест нәтижесінсіз ұшаққа кіруге тыйым салынады

26 қазаннан бастап шетелден келетін қазақстандықтар өздерімен бірге ПТР тест нәтижесін алып жүруі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онсыз ұшаққа кіруге рұқсат жоқ. Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Тест мерзімі 3 күннен асып кетпеуі шарт. Тек 5 жасқа толмаған балаларға бұл шектеудің қатысы жоқ. Көліктегі бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша анықтаманы қағаз және электронды түрде де көрсетуге болады.

Хабар 24 телеарнасы