425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында санитарлық талаптар күшейтіле бастады

  • 178
  • UPD: 23:29, 30.10.2020

Үкімет басшысы Асқар Мамин Ақмола облысына жұмыс сапармен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі бірнеше нысанды аралап көрді. Ілкімді деген жобалармен танысты.

Дастан Сейілханұлы, тілші:

- Өңірде індеттің қайта өршіп жатқаны байқалады. Өткен тәулікте 20 адамның  кесел жұқтырғаны мәлім болды. Сондықтан аймақта санитарлық талаптар күшейтіле бастады. Көкшетауда 200 орынға арналған аурухана бар. Жаңадан жедел жәрдем көліктері жеткізілді.

Нариман Сыздықов, Көкшетау қ. модульді жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- Орталықта 300 адам жұмыс істейді. Індет жұқтырған науқастарға көмек көрсетуге дайынбыз. Соңғы үлгідегі медициналық жабдықтардың барлығы бар.

Өңірде құрылысқа жан біткен. Жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған. Химия өнеркәсібі мен тау-кен металлургиясында да өсім бар. Ауыл шаруашылығы саласының адымы алшаңдағаны байқалады. Инвестиция көлемі жыл басынан бері 23%-ке ұлғайыпты.

Мұрат Сәрсенбаев, серіктестік басшысы:

- Біз 34 тауар түрін шығарамыз. Алдағы уақыт өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Шеттен алып жатқан тауарларды өзімізде де өндірсек болады. Қазір сол мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етіп жатырмыз.

Алдағы айда мұнда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді. Соған қызу дайындық жүріп жатыр. Шараға екі елдің Президенті қатысады деген ақпарат бар. Асқар Мамин сол жиынға дайындық барысын тексерді.

Авторы: Дастан Сейілханұлы

 

Хабар 24 телеарнасы