423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркиядағы ҚР Елшілігі қазақстандықтар шұғыл хабарласуға болатын нөмірлерді жариялады

  • 158
  • UPD: 22:08, 30.10.2020
Түркиядағы ҚР Елшілігі қазақстандықтар шұғыл хабарласуға болатын нөмірлерді жариялады фото: dw.com

Түркиядағы Қазақстан Елшілігі қазақстандықтар шұғыл хабарласуға болатын нөмірлерді жариялады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Өте Шұғыл! Өте маңызды! 2020 ж. 30 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14.51 шамасында эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар ауданына жақын жерде, Эгей теңізінде 6.6 баллдық (кейбір ақпарат көздеріне сәйкес, 6,8 немесе 7 баллдық) қуатты жер сілкінісі орын алды. Зілзала Түркияның Эгей және Мармара теңіздерінің жағалауында орналасқан провинцияларында сезілді. ҚР Елшілігі тиісті түрік мемлекеттік органдары және мекемелерімен байланыс орнатып, мән-жайды анықтауда. Әзірше зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ», деп жазды Абзал Сапарбекұлы.

Елші көмек қажет азаматтарымыз болған жағдайда тікелей өзіне, не елшіліктің +903124919100 нөміріне, болмаса төмендегі нөмірлерге хабарласуға болатынын ескертті.

А.Амандықов +905384409677

А.Сыдықов +905367772827

Л.Болатова +905396903114

Измир қаласындағы ҚР Құрметті Консулы

Фатих Карадениз +905323833135

Азра Ахмедиянова +905347023135.

Еске сала кетейік, Түркияның Егей аймағында жер сілкініп, 4 адам көз жұмды. Тағы 120-дан астамы жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы