422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 154 адамның жағдайы ауыр

  • 108
  • UPD: 12:26, 01.11.2020
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 154 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 4166 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 330 сәби бар, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы.

Стационарларда 2339 науқас жатыр, 1827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 154 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 12 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы