425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР: 57 елдің азаматтары үшін визасыз режим 1 мамырға дейін тоқтайды

  • 167
  • UPD: 12:21, 03.11.2020
ҚР: 57 елдің азаматтары үшін визасыз режим 1 мамырға дейін тоқтайды Елорда Инфо

9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің саны аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы шектеу шаралары ұзартылады. Атап айтқанда, Қытай халық республикасы мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың Қазақстан аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұру туралы шешім келер жылдың 1 қаңтарына дейін созылады. Сонымен қатар 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру 2021 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. Бұдан бөлек, комиссия отырысында республика бойынша карантиндік шараларды күшейту мәселесі де сөз болды.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Қазіргі таңда әлемде вирустың таралуына қатысты жағдай өте күрделі болып тұр. Еліміздің бірнеше өңірінде вирус жұқтырған адамдар саны өсуде. Сондықтан өңірлерде карантиндік шараларды күшейту және жалпы еліміздегі санитарлық-экпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауға алу, вирустың таралуына жол бермеу аса маңызды міндет болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы